Бүгінде Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 мыңнан асты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қазіргі таңда Қазақстанда 27 541 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 9 809 симптомсыз, 17732 симптомды жағдай. 21 маусымның өзінде елімізде 1 471 ауру тіркелді. Қайтыс болғандары – 120 науқас. Бір тәуліктің ішінде 2 адам көз жұмды. Бір тәуліктің ішінде 226 адам емделіп шықты, барлығы 10897 адам індеттен айықты", - деді Жұмабек Бекенов.
Оның айтуынша, елімізде барлығы стационарлық карантинде – 168 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр. КВИ-мен ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8052. КВИ жұқтырып, амбулаторлық бақылауда тұрған 8472 адам бар.